Сиқым баба кешені 05.09.2025
Күз басталып Машат асуымен жол жүргенімде Сиқым бабаның мемориалдық кешеніне бұрылып, көргенімді айтып берейін.
Оқырманға түсінікті болу үшін алдымен кешеннің кіреберіс жағынан кейбір сүреттер мен видео (видео сапасын арттыру үшін ютубтын экранында настройки жағын қараңыздар):

Кешеннің алдында жақында төселген жаңа асфальт бірден көзге түседі. Мемориалдың алдын заманның талабына сай келтіру әрине қуантатын нәрсе. Сүреттен байқағаныздай кіреберістегі арка үстіне Сиқым руының таңбасы мен тармақтары жазылып тұр. Олар Борас, Бағлан, Тоғатай, Қусирақ, Аққойлы, Шуылдақ. Қателеспесем, тасқа жазылған бұл аталардың есімдерінің кейбіреуі ел ауызында сақталған лақап аттары болса керек яғни туғанда қойылған есімдер емес.
Ал енді мемориалдық кешеннің аумағында негізгі элементтердің сүреті:

Ортадағы алып конструкцияның басында шаңырақ орнатылған, үсті мәрмәр тасымен қапталған. Шанырақтың дәл астында байланып тұрған тағы бір металл конструкция бар - негізгі мәнін дұрыс аңғармай қалуым мүмкін бірақ 6 тармақ я алты атанын барын білдіретін секілді. Төменде видеода көре аласыздар. Бұл жайлы білетін адамдар болса, хабарласыңыз. Жалпы айналада бұл кешен жайлы қосымша ақпарат таба алмадым - салынған жылы, авторы, т.с.с.
Кешенге кіріп бірнеше қадам басқанымда, бұл жердін шырақшысы - Жарқынбек аға, көлігімен келіп қалды. Машат асуына дейін орналасқан Жібек Жолы ауылының тұрғыны екен. Ағамызбен ұзақ сөйлесе алмадым өйткені сол уақытта ауылға бір үйге құдай тамаққа шақырыпты. Әңгімеміздің барысында кешеннің аумағында ас өткізетін бөлмені салу мәселесінің қарастырылғанын білдім. Әрине ол керек нәрсе, ел қолдаса болғаны. Жарқынбек аға кешендегі қызметі үшін шағын бір ақы алғанымен қолынан келгенше аумаққа күтім жасап, суарып, тазалап, абаттандырып жұреді, бірақ жасы ұлғайған сайын бұл қызметке жаңа бір адамды дайындау керегін түсінеді. Кешеннің суару мәселесін, Тоғатай руының шежіре кітабын (авторы Әбдіқадыр Дәуітбеков елді шарпыған КОВИДтың салдарынан бақилық болды) талқылап, селфи жасап тарадық. Құдай қаласа тағы да жүздесеміз деп Шымкентке қайттым.